Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы 140 орындық мектеп пайдалануға берілді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 20:10 Zakon.kz
Бүгінде 15 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.

Бүгін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп пайдалануға берілді. Білім күніне орай ашылған оқу ордасының Алғашқы қоңырау салтанатты шарасына аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың өзі қатысып, мекеме ұжымы мен оқушыларға жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Бірлесу-Еңбек орта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан бой көтеріп отыр. Жаңа білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар. Биыл мектепте барлығы 250 оқушы 2 ауысымда оқымақ. Онда 39 педагог қызмет етсе, оның 12,5 пайызы жас мамандар.

Айта кетейік, жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді десек, бүгінгі Алғашқы қоңырау күні облыс бойынша 5 мектептің пайдалануға беріліп отырғандығы соның айғағы.

Сондай-ақ, Байзақ ауданында 120 орындық Ақшолақ мектебі оқушыларға есігін ашты. Аталмыш білім мекемесі облыстағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешті. Осылайша өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен жойылды. Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 17 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар.

Биыл мектепте 182 бала (17 сынып) 2 ауысымда оқитын болады.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы да 4 нысан пайдалануға беріледі. Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады. Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130 миллиард теңге бөлінсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 миллиард теңгеге артық. Оның 5,1 миллиард теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қарастырылған. Бүгінде 15 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа оқу жылында облыста 442 мектеп жұмыс істемек. Өткен оқу жылымен салыстырғанда мектептердің саны 4 бірлікке қысқарады. Биылғы оқу жылында 1-ші сыныпқа 28 мыңнан аса оқушы келеді деп күтілуде. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жұмыстары жалғасуда. 2019-2020 оқу жылында 4,9,10 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 20:10

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 20:10

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 20:10, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 20:10

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: