Жетісайда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 21:27 Самат Мырзалиев
Құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталған білім ұясының жалпы сметалық құны – 819 млн 541 мың теңгені құрайды.

Жетісай ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Құзылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекеніндегі білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Ата-аналар мен оқушылардың қуанышымен бөліскен облыс басшысы алдағы жылы өңірде 40-қа жуық білім ұясының құрылысы басталатынын айтты.

"Мұндай мектептердің қатары жыл санап арта түсетін болады. Бұл Елбасының Түркістан облысының халқына деген ерекше қолдауының арқасында іске асып жатқанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан осындай заманауи мектептердегі білім сапасы да жоғары болуы тиіс", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 21:27

Құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталған білім ұясының жалпы сметалық құны – 819 млн 541 мың теңгені құрайды. Оның 737 млн теңгесі республикалық, ал 81 млн теңгесі облыстық бюджет есебінен бөлінген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 21:27

Құрылыс жұмыстарын жергілікті "Нұрлі-Л-Жетісай" ЖШС-гі жүргізіп, 9 айда сапалы әрі сәнді етіп аяқтап отыр. Ғимараттың жалпы ауданы 6936,39 текше метр. Заман талабына сай салынған ғимаратта оқушылар асханасы, 150 орындық мәжіліс және спорт залдары бар. Оқу бөлмелері де жабдықталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 21:27, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 21:27

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: