Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астана вокзалына «бомба қойған» ер адам ұсталды

Оқиға орнына барлық жедел қызмет шұғыл келіп жетті.

Сурет : www.qamshy.kz27 Желтоқсан 2017, 14:56

27 желтоқсанда түнгі сағат бір кезінде "112" нөміріне белгісіз адам хабарласып, Астана қаласының ескі теміржол вокзалына жарылғыш зат орнатылғанын хабарлаған. Вокзал аумағынан 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция елордалық вокзалға бомба қойылды деп жалған хабар берген ер адамды ұстады.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет шұғыл келіп жетті. Вокзал аумағы қоршалып, 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың 50-і – теміржол қызметкері, 100-і – жолаушылар.

Ғимаратты тінту барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған дерек жалған терроризм бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелген.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде вокзалдағы "бомба" туралы хабарлаған 64 жастағы ер адам ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп, пойыздар кешіктірілген жоқ.

Жалған хабар берген қарт адам алты жылға сотталуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер