Алматыда Mitsubishi Lancer ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Mitsubishi Lancer жеңіл көлігі Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей, неге екені белгісіз жолдан шығып бар жылдамдығымен ағашқа соғылды.

Сурет: Zakon.kz
Күшті соққы салдарынан көліктің корпусына айтарлықтай зақым келген. Алдыңғы әйнекке басымен қойып кетіп, сындырған жолаушы әйел дәрігерлер бригадасы келіп жеткенге дейін оқиға орнына жан тапсырды.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол полициясының экипажы Mitsubishi Lancer көлігінің жолаушылар орындығында болдым деген ер адамды ұстады.

Сурет: Zakon.kz
Алайда, фактілер, керісінше болып шықты. Ер адам ұсталып, есірткі қолданды деген күдікпен медициналық тексеруге жолданды.
Полицияға мән-жайларды анықтау үшін сауда-ойын-сауық орталығының күзетшісі көмекке келді. Ол жолаушылар орындығы жағынан ер адамның жәбірленушіні сүйреп сыртқа алып шыққанын көргенін айтты. Бұл марқұмның рөлде емес, жолаушылар орындығында болғанын көрсетеді.

Сурет: Zakon.kz