Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті

Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26 Сурет: Zakon.kz.
Алматыдағы Солтүстік айналма жолда, "Рахат" сауда орталығының қарсы бетінде Chevrolet Cobalt, Toyota Camry көліктері мен Volvo жүк көлігі қатысқан үш көліктің жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен жүк көлігі Солтүстік айналма жолымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде Camry жүргізушісі әзірге белгісіз себеппен қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26

Сурет: Zakon.kz.

Соққыдан Cobalt бетон қоршауға лақтырылып, кейін қайтадан жол бөлігіне түскен.

Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26

Сурет: Zakon.kz.

Ал Toyota Camry өз бағытында келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысып, оның тіркемесінің астында қалып қойған.

Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26

Сурет: Zakon.kz.

Camry көлігінің қарсы жолаққа қалай шығып кеткені әзірге анықталып жатыр.

Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26

Сурет: Zakon.kz.

Жол апатынан жеті адам зардап шеккен. Олардың барлығы екі жеңіл көліктің ішінде болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26

Сурет: Zakon.kz.

Апат салдарынан Солтүстік айналма жолдың екі бағытындағы орталық жолақтарда қозғалыс тоқтатылып, осы учаскеде көлік кептелісі пайда болды.

Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 12:26

Сурет: Zakon.kz.

Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, жол-көлік оқиғасын рәсімдеу жүргізілуде. Көліктердің өртену қаупіне байланысты өрт сөндірушілер де шақырылып, кезекшілік жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Екібастұздағы аулада жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, бала қаза болғаны туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: