Алматыда қиылыста екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 4 қыркүйекке қараған түні Алматының Яссауи және Тағзым көшелерінің қиылысында Chevrolet Cobalt пен Hyundai Accent көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai көлігінің жүргізушісі Тоғзым көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Ол "Жол бер" белгісіне назар аудармай, қиылысқа шығып кеткен. Сол жерде Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан екі көлік те жан-жаққа ұшқан. Chevrolet Cobalt арықтан ұшып өтіп, газ құбырының тіреуішіне соғылған. Ал екінші көлік қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Жол апатынан үш адам зардап шекті. Олар – Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Hyundai Accent көлігінің жолаушысы.
Бұған дейін 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақтөбе облысындағы тасжолда адам өлімімен аяқталған сұмдық жол апаты болған. Екі жеңіл көліктің соқтығысуынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



