Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін еліміздің өңірлерінде жел соғып, боран болады

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.

Сурет : 28 Желтоқсан 2017, 09:11

Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік батысында қар жаумайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, тұман түсіп, жел екпіні күшейеді деп болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғап, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түсіп, боран соғады, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.

Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер