Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ер адам жоғалып кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 22:54 ҚазАқпарат
52 жастағы Дулат Қыдыралинді туыстары іздестіріп жатқанына оныншы күн болды.

Астанада жоғалып кеткен екі ер азаматты іздестіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Із-түзсіз жоғалып кеткен 52 жастағы Дулат Қыдыралинді туыстары іздестіріп жатқанына оныншы күн болды. 25 желтоқсаннан бері ешқандай хабар-ошар жоқ. Оны соңғы рет «Седьмой континент» тұрғын үй кешенінің жанындағы «Елімай» дәмханасынан көрген.

Одан бөлек 27 желтоқсан күні 29 жастағы Николай Еньшин жоғалып кетті. Ол «Есіл көшесі, 13» мекенжайындағы кеңседен жұмыстан шығып, көлігін қызыдырып тұрған. Ұялы телефоны машинасының ішінде қалыпты. Содан бері оны да ешкім көрмеген.

Қазір жоғалғандарды іздестіру жұмыстарына тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлермен қатар іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері де тартылған.

Әзірге іздестіру шаралары ешқандай нәтиже берген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: