Атырауда жоғалып кеткен егде жастағы ер адам табылмай жатыр

Жоғалған ер адам, Атырау облысы, Құрманғазы ауылы, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 22:00 Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырауда облысында егде жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанына 10 күн болды. Бірақ іздеу жұмыстарынан әлі нәтиже болмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атырау облысы Құрманғазы ауылының тұрғыны Жұматай Жапаров 13 қазанда кешкі сағат 22:00 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін қайтып кері оралмаған. Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз", делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында

Айта кетсек, Құрманғазы ауылы Дамбы ауылдық округіне қарайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: