Екібастұзда жоғалып кеткен ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр

Ер адам, Екібастұз, жоғалып кеткен, іздестірілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 22:55 Сурет: pixabay
Шахриддин Баймурадов 18 сәуірде үйінен шығып кетіп, содан бері ұшты-күйлі жоқ. Жергілікті VITA еріктілерінің ер адамға іздеу салып жатқанына осымен екінші апта, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, ер адамның басына бұрын ота жасалған екен.

"Ер адамның бас сүйегіне ота жасалған, жарақаттан кейін құрысулар пайда болды. Жоғалған күні де құрысу пайда болып, туыстары жедел жәрдем шақырған. Ақ халаттылар келіп кеткеннен кейін Шахриддин үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен",  – дейді еріктілер.

Іздеу шаралары, әзірге нәтиже бермеген.

Жоғалған адам туралы кез келген ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63  (іздеу тобының жетекшісі Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Екібастұз қаласындағы іздестіру тобының үйлестірушісі Самал) нөмірлеріне хабарласу сұралады. 

Бұған дейін Атырау облысында балық аулау кезінде суға батып кеткен жас дзюдошының денесі табылмай жатқанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: