Маңғыстау облысында үш айдан бері үш баланың анасы іздестіріліп жатыр

Іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 18:22 Сурет: polisia.kz
2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу қаласының тұрғыны жұмысқа баратынын айтып, үйден шығып кеткен. Содан бері ол ұшты-күйлі жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лидер Актау" қоғамдық ұйымының волонтерлары Жәния жоғалып кеткен күні "Бейнеу – Маңғыстау" бағытындағы жолаушылар пойызына билет сатып алғанын айтады.

Іздеу жарияланған хабарламада жоғалған келіншектің белгілері атап көрсетілген: бойы - 160-165 см, орташа денелі, ерінінің үстінгі жағында меңі бар. 

Жәнияның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, онда мына нөмірлерге хабарласу сұралады: +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе 102.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: