Қостанайда 17 жасар жасөспірім жоғалып кетті

Қостанайда жасөспірім жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 11:40 Сурет: Instagram/dpkostanaiskoi_oblasti
Қостанайлық полицейлер жоғалып кеткен 17 жастағы Ирина Сергушованы іздестіріп жатыр. Анасының айтуынша, ол 2022 жылдың 29 қазанында үйден шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерекшеліктері: сыртқы түрі еуропалық, бойы шамамен 170 см, орта денелі, сұр-көк көзді, қара шашты.

Үстінде: қара күрте мен қалпақ, қара колготки мен жемпір, ақ кроссовка болған.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін білетіндер полицияға 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Барлық полиция қызметкерлері бағдарланған.

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 2075 адам із-түссіз жоғалған. Олардың көпшілігі бүгінде табылды.

2022 жылы 186 кәмелетке толмаған жасөспірім із-түзсіз жоғалды деп танылса, оның 176-сы табылды, алтауын іздеу жалғасуда. Оның екеуі Шымкентте, біреуі Ақмола, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жоғалып кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: