Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен екі аптадан бері табылмай жатыр
Фото: Zakon.kz
LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 2009 жылғы кәмелетке толмаған 2026 жылғы 21 шілде күні шамамен сағат 23:30-да үйінен шығып кеткен. Сол уақыттан бері онымен байланыс үзілген.
Полиция қызметкерлері мен еріктілер қыз жоғалған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеген. Соңғы рет Ясмина "Бамбарбия Кергуду" ресто-барының қарсы бетіндегі "Долан" автобус аялдамасында бейнекамераға түсіп қалған.
Оның ары қарай қандай көлікке отырғаны және қай бағытқа кеткені әзірге анықталған жоқ.
Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыздың аялдамада қолында ұялы телефоны болғаны нақты белгілі. Алайда қазіргі уақытқа дейін оның телефон нөмірін немесе құрылғының IMEI-кодын анықтау мүмкін болмай отыр.
Еріктілер мен құқық қорғау органдары Ясминаны жоғалғаннан кейін көргендерден, бейнетіркегіш жазбалары бар азаматтардан немесе оның болуы мүмкін жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан бұл жөнінде дереу полицияға немесе іздестіру жасағының өкілдеріне хабарлауды сұрайды.