Атырау облысында жас дзюдошы суға батып кетті

Балық аулау, Атырау облысы, жас дзюдошы, суға бату, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2025 11:58 Сурет: unsplash
Атырауда құтқарушылар балық аулау кезінде моторлы қайықтан құлап, суға батып кеткен 17 жастағы жігіттің денесін іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Atyrau Online басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 3 мамырда кешкісін Атырау қаласының Еркінқала ауылында болған.

Балық аулау кезінде 17 жастағы жігіт моторлы қайықтан құлап кетіп, өзенге батқан. Атырау облысы ТЖД іздестіру-құтқару операциясына 19 құтқарушы, 5 бірлік техника және 6 жүзу құралы тартылғанын хабарлады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.

"Суға батқан 2007 жылғы жасөспірім дзюдомен айналысады, жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, өңірдің спорт саласы үкіліп отырған жастың бірі екені белгілі", - деп жазады басылым.

Бұған дейін Павлодар облысында Тереңкөл ауданында суға секіріп кеткен адамды 10 күннен кейін іздеуді тоқтату туралы шешім қабылданғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: