Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

80 жастағы қарт жас жігітке үйленемін деп баспанасынан айырылып қалды

Жасы келген қария жарының болашағын ойлап, баспанасын соның атына аударғанын айтады.

Сурет : Sn.kz4 Қаңтар 2018, 16:58

79 жастағы Филип Климентс 24 жастағы румыниялық модельге үйленіп, ақырында пәтерінен айырылып қалды. Біржынысты ғашықтар ғаламтор арқылы танысқан. Көп ұзамай көңіл жарастырып, шаңырақ көтеруге бел буған, деп жазады Metro.

Жасы 80-ге таяған қария Сэндвичтегі үйін сатып, сүйіктісіне Бухаресттен үй алып берген. Алайда, арада бірнеше күн өткеннен кейін шал жас “күйеуімен” араздасып, ақырында екіншісі мұны тастап кеткен.

Біржынысты ғашықтар өткен жылдың сәуір айында шаңырақ көтерген-ді. Барлығы ойдағыдай еді. Алайда сақалы аузына түскен қария жат жерде өзін қолайсыз сезінгенін жасырмайды. Румынияда оның таныстары аз әрі ол румын тілін білмейтін болып шықты.

“Сәуірде осында келдік. Уақытты күшті өткізетінбіз. Кинотеатрға, дүкенге баратынбыз. Ол мені күлдіру үшін бәрін жасайтын. Тамыз айының соңында мен кей мәселелерді шешу үшін Англияға келдім. Ал қайта оралған соң екеуміз араздасып қалдық”, – дейді Климентс.

Жасы келген қария жарының болашағын ойлап, баспанасын соның атына аударғанын айтады.

“Келесі жылы 80-ге толамын. Ол қауіпсіз жерде болсыншы деп ойладым. Өлім жақындаған кезде үй мәселесімен басты ауыртқым келмеді. Бірақ жақын арада айырылысып кетеміз деп ойламаған едім. Достарым оның маған тең еместігін айтқан еді. Бірақ мен тыңдамадым. Достарымнан жырақта, басқа елде жүрдім. Енді үйімді сатып жібергеніме өкінемін”, – деп ағынан жарылды ол.

Алайда Климентс мырза Флоринмен қайта байланысқанын жасырмайды. Айтуынша, екеуі бір-біріне қайта хат жаза бастаған.

“Болған іске өкінетіндей көрінді. Оған екінші мүмкінік беретін шығармын. Біз жау емеспіз. Және менімен ақша үшін жүр деп ойламаймын, себебі ақшам да аз қалды. Ажырасқым келмейді. Ол да менен өзге ешкімді қаламайтынын айтты”, – деп түсіндірді Климентс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер