Григорий Марченко 24 жастағы ұлынан айырылып қалды
kursiv.kz
Zakon.kz редакциясы Григорий Марченко отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
ҚР Ұлттық Банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы Ярослав 24 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. BaigeNews.kz тілшісі Григорий Александровичке хабарласқан екен, ол болған жағдайды растады.
Бізге онсыз да ауыр тиіп отыр, тыныштық беріңіздерші, - деген екен.
Григорий Марченко кезінде екі рет ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы болған. Сондай-ақ ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі болған.
2020 жылдың қазан айында ол Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.
Zakon.kz редакциясы Григорий Марченко отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript