Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда су бағасы тағы да қымбаттады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2018 18:40 ҚазАқпарат
Судың бір текше метрі үшін 84,59 теңге, кәріз жүйесіне 71,68 теңге төлейді.

Қостанайда су және кәріз қызметінің жаңа бағасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жаңа жылдан бастап коммуналдық тарифтерге 10 пайыз қосылатынын мәлімдеген еді. Ал табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облыстық департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, баға 2016-2020 жылдарға арналған жоспарға сәйкес көтерілді.

«Алдымен, тұрғындардың коммуналдық төлемдерге деген қарыздарын тексеретін боламыз. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, облыс тұрғындары кәсіпорынға 60 млн теңге қарыз. Оның үстіне, «Қостанай-Су» тұтынушылардан түскен қаражатпен өзінің несиесін жауып отыр. Енді бірінші жартыжылдықта қостанайлықтар суға 10 пайыз артық төлейді», - деп түсіндірді «Қостанай-Су» МКК басшысы Еркебұлан Файзулаев.

Файзулаев атап өткендей, судың бір текше метрі үшін 84,59 теңге, кәріз жүйесіне 71,68 теңге төлейді.

«Қарызы көп тұрғындар коммуналдық төлемақының түбіртегін алған күннен бастап, біздің кәсіпорынға келуі тиіс. Содан соң олармен келісімшарт жасасып, қарыз сомасын қайта есептеп, бөліп төлеуге мүмкіндік береміз», - дейді кәсіпорын басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: