Қостанайда көмір ұрлады деп айыпталған әйелге кәсіпкерлер отын түсіріп берді
Фото: inform.kz
180 теңге тұратын 20 келі көмірді ұрлағаны үшін әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Қостанай облысының кәсіпкерлері құны не бәрі 180 теңге болатын 20 келі көмір ұрлады деп айыпталған әйелге көмек көрсетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«90-жылдардан кәсіпкердің жағымсыз имиджі, яғни, дөрекі, тез арада баюды, ақша табуды ойлайтын бейнесі қалыптасқан. Алайда, іс жүзінде қайырымды әрі әдепті адамдар да бар. Қарапайым ғана мысал, барлығына да құны 180 теңге тұратын 20 келі көмірді ұрлағаны үшін әйелдің соты болғандығы жайлы қоғамда үлкен дүрбелең туындатқан оқиға белгілі. Аталған жаңалық жария болып, оның төңірегінде дабыра басталған 2-3 сағаттың ішінде Қостанай облысының кәсіпкерлері әйелдің үйін жылыту үшін бір машина көмір беріп жіберді», - деді кәсіпкер Асқар Кереев бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің бірінші сессиясында.
Айта кетейік, қараша айында Ұзынкөл аудандық сотында өзгенің мүлкін ұрлады деген айыппен жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қаралған болатын. Оған Ұзынкөл аудандық ауруханасына қарасты ауылдардың бірінің медициналық пункті аумағынан 20 келі көмір ұрлады деген айып тағылған еді. Дегенмен тараптардың татуласуына байланысты көмір ұрлаған әйел жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript