Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да туберкулезге қарсы диспансерден өрт шықты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2018 18:43 Сурет: zakon.kz
Жалын 16 шаршы метрді шарпыған.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында түберкулезге қарсы диспансерден өрт шықты. Ғимараттағы науқастар сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақсукент ауылындағы емдеу мекемесінде өрт таңға жуық ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Оны сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жалын 16 шаршы метрді шарпыған. Тілсіз жау 09:57-де ықшамдалып, 10:08-де толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған ауданда, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орнының шатыры да жанып кетті. Қарасу ауылындағы «Зухра» дәмханасының 40 шаршы метрі өртеніп, оқиға орнына 10 қызметкер мен 4 дана техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде жалын 09.49-да оқшауланып, 10.55-та толығымен сөндірілді. Мамандардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда екі өрттің де себеп-салдары анықталуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2018 18:43

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: