Оралда өртеніп кеткен саяжайдың орнынан адам сүйектері табылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 23:54 ҚазАқпарат
Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді қамтыған.

Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдық демалыс күндері бірнеше өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 1 қаңтар күні Оралдағы 2-саяжай аумағы «Автомобилист» саяжай қоғамдастығындағы үй түгелдей өртеніп кеткен. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді қамтыған. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер адам сүйектерінің бөліктерін тапқан.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, сүйек қалдықтары сараптамаға жіберілген. Әзірге ол туралы нақты айту қиын.

31 желтоқсан және 1 қаңтар күні Оралда бірнеше жану оқиғалары тіркеліп, ал Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында үюлі тұрған пішен отқа оранды.

Айта кетейік, жаңа жылдық демалыс күндері департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі күшейтілген қызмет түріне (жеке құрамнан 230 адам және 59 техника) көшіріліп, жұмыс жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: