Оралда өртеніп жатқан жатақхана бөлмесінде қалып кеткен қыз құтқарылды
Сурет: pixabay
26 маусымда Орал қаласындағы жатақханалардың бірінде өрт болды. Екі шаршы метрді қамтыған қызыл жалын үй заттары мен қоқысты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар оқиға орнына келген соң өртеніп жатқан бөлмеде бір адамның барын анықтады.
"Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туылған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 17 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Қостанайда тұрғын үйлер алдындағы қоқыс апталап шығарылмайтыны, қалада індет тарау қаупі артқаны хабарланған.
Оқи отырыңыз
АҚШ-та Милтон дауылынан кемі он үш адам қаза тапты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript