Семейде үй өртеніп, екі адам құтқарылды

Құтқару, өрт, Семей, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 12:41 Сурет: ҚР ТЖМ
Бүгін, 25 наурызда сағат 09:55-те Семей қаласында екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, қызыл жалын үйдің шатырына ұласты. От алған алдын ала аумақ 120 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер үйді жалдап тұрып жатқан 1977 жылғы әйел мен оның 2009 жылы туған қызын құтқарды. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.


Сағат 10:24-те өрт оқшауланды. Сағат 10:56-да өрт толығымен жойылды.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. 

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: