Жаңалықтар тізбегі
0

Щучинскіде тұрғын үйдегі өрттен 2 адам қаза тапты

Щучинскіде тұрғын үйдегі өрттен 2 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2024 17:22 Сурет: Zakon.kz
Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиындады. Өйткені үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Өрт сөндірілді.

"Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда:

  • электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
  • жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз, ұзақ қыздырмаңыз;
  • электр жабдықтары мен сымдардың жағдайын бақылаңыз;
  • үй-жайларды немесе көліктерді жылыту үшін қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құрылғысын пайдаланбаңыз;
  • Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Теміртау маңында ер адам бір және үш жастағы екі кішкентай баласымен бірге өртеніп жатқан көліктің ішінде қамалып қалды. Отбасы аман қалды, бірақ балалар ауыр күйік алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: