Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты

бүлдіршіндер, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 17:34 Сурет: Қостанай облысы ТЖД
Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Нәтижесінде үш бала қайтыс болды. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 наурыз күні сағат 10:58-де Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.

Үйде алты адамды құрайтын көп балалы отбасы тұрған. Ата-анасы 1983 және 1994 жылы туғандар, одан бөлек төрт кішкентай баласы болған. Үлкен ұлы 8 жаста. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілері төрт баланы да көшеге шығарып үлгерген, себебі олар үйде жалғыз болған. Қостанай облысы ТЖД

Шенеуніктердің айтуынша, өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.

Сағат 10:55-те Амангелді орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың қайтыс болғанын хабарлады. Қостанай облысы ТЖД

Құтқарушылар өртті 11:32-де анықтады, 11:44-те өрт ауыздықталды.

Төтенше жағдайды жоюға төрт қызметкер мен бір техника қатысты.

Өрттің себебін анықтау үшін Амангелді ауданына Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасының мамандары жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: