Қытайда өрттен 18 адам ажал құшты
24.kz
Жалын ғимараттың 400 шаршы метрін шарпыған.
Қытайдың солтүстігіндегі Харбин қонақүйінде алапат өрт шығып, 18 адамның өмірін қиды. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жалын ғимараттың 400 шаршы метрін шарпыған.
Тілсіз жаумен күреске 5 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Ресейдің қиыр шығысымен шекараласатын Харбин туристер көп келетін аймақ саналады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript