Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресейден озды

Baq.kz Baq.kz
Кең жолақты интернет рейтингінде Сингапур бірінші орында.

Қазақстан кең жолақты интернет жылдамдығының жаһандық индексінде екі саты төмендеп, 54-орынға жайғасты, деп хабарлайды Вaq.kz LS басылымына сілтеме жасап.

Speedtest Global Index сайты 2017 жылдың 1 желтоқсанына берген статистикасына сәйкес, Қазақстанда интернет байланысының орташа жүктеу жылдамдығы 25,96 Мбит/с болды. Бұл көрсеткіш Ресейден 11,45 Мбит/с аз. Беларусия 28,78 Мбит/с көрсеткішпен 51-орынға жайғасты. Ал, Арменияда 19,68 Мбит/с (69-орын), Қырғызстанда 14,01 Мбит/с (91-орын) жылдамдық.

Бірақ Қазақстан мобильді интернет жағынан 18,9 Мбит/с жылдамдықпен Ресейден (16,65 Мбит/с , 74-орын) озып, 64-орынға жайғасты. Қырғызстан 98-орында (11,76 Мбит/с), Беларусь 95-орында (12,88 Мбит/с). ЕАЭО елдері арасында Армения 23,82 Мбит/с жылдамдықпен көш бастап, 52-орында тұр.

Бұдан басқа, кең жолақты интернет рейтингінде Сингапур бірінші орында. Бұл елде интернет жүктемесі 161,21 Мбит/с. Ал, мобильді интернет тізімінде 61,2 Мбит/с жылдамдықпен Норвегия көш бастады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз