Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.

Сурет : Аktobenews.kz11 Қаңтар 2018, 11:17

Ақтөбеде Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.

Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты.

Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия салақ басшының мемлекетке келтірген шығынын 22 миллион теңге деп отыр. Бұрынғы әйелі ұстап берген Лазаревті енді қазіргі азаматтық некеде тұрған жары қорғаштап әлек.

Оның айтуынша, ІІБ басшысына бұрынғы жары күн көрсетпейді екен. Екеуінің жанжалдасып жүргеніне 3 жылға жуықтапты. Айта кетейік, мемлекеттік құпияны әйелінен жасыра алмаған полицейдің зейнетке шығуына жеті жыл қалған екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер