Ақтөбеде полиция бастығы қамауға алынды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 16:39 видеодан алынды
Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар, тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Осы күзде зейнетке шыққалы отырған жайы да бар.

Ақтөбеде полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Ақтөбе ПД тергеу бөлімінің бастығы, полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл көпшілік үшін күтпеген жағдай болғаны аталады. Өйткені Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар, тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Осы күзде зейнетке шыққалы отырған жайы да бар.

Облыстық ПД баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғанын растады, бірақ оған қатысты түсініктеме берген жоқ. Департамент бастығы әлеуметтік желіде: "... тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталды" деп қысқа жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: