Мельбурнде атақты теннисші Новак Джокович қамауға алынды

Сот отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2022 10:10 Сурет: Instagram/djokernole
Сербиялық теннисшіні Австралияның құқық қорғау органдары ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

14 қаңтарда Австралияның иммиграция министрі Алекс Хоук Джоковичтің визасының күшін жойды. Сол күні кешке сот отырысы өтіп, оның барысында теннисшінің ісі Австралияның федералды сотына жолданды.

Аталған австралиялық әділет органында жоспар бойынша онлайн сот тыңдалымы 15 қаңтарда өтуі тиіс болатын. Бірақ осы сот тыңдалымы алдында спортшы ұсталып, қамауға алынды. Соған байланысты сот 16 қаңтарда өтетін болды, деп хабарлайды CNN.

Джоковичке қатысты айып виза алу үшін құжаттар толтыру кезінде пайда болды. Спортшының коронавирусқа қарсы вакцина алмауға мүмкіндік беретін медициналық қарсы көрсетілімі барын дәлелдейтін құжаты бар. Алайда австралиялық тарап теннисшінің бұл айғақтарына күмәнмен қарайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: