Новак Джокович тарихтағы жүлде қоры ең жоғары теннисші атанды
Мельбурн корттарында грекиялық Стефанос Циципасқа қарсы финалдық кездесуде жеңіске жеткені үшін Новак Джоковичке 2,975 миллион доллар көлемінде чек берілді. Теннистегі барлық табысын қосқанда, сербтің жүлде қоры 166,8 миллион долларға жетті. Осы көрсеткіштермен Джокович әлемдегі ең бай теннисшілер тізімінде көш бастады. Одан кейін Рафаэль Надаль (134 529 миллион доллар) мен Роджер Федерер (130 594 миллион доллар) тұр.
🏆 🏆 🏆 🏆 🏆 CHAMPION 🏆 🏆 🏆 🏆 🏆@DjokerNole has mastered Melbourne for a TENTH time!@wwos • @espn • @eurosport • @wowowtennis • #AusOpen • #AO2023 pic.twitter.com/ZThnTrIXdt
— #AusOpen (@AustralianOpen) January 29, 2023
Жүлде қоры бойынша Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина, оның қазір 6 389 853 миллион доллары бар. Ал Александр Бубликтің жүлде қоры 4 281 652 миллион доллар.