Новак Джокович оныншы мәрте AusOpen турнирінің жартылай финалына шықты

Теннис, Теннистен Аустралия ашық чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2023 17:48 Сурет: Instagram/djokernole
Серб теннисшісі Новак Джокович Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында оныншы рет өнер көрсетеді. Оның тоғызында жеңіске жеткен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

AusOpen-2023 жартылай финалына барар жолда Новак Джокович ресейлік Андрей Рублевті үш ойында 6:1, 6:2, 6:4 есебімен еш қиындықсыз жеңді. Австралия чемпионаты серб үшін ерекше мәртебеге ие, ол мұнда 2018 жылдан бері жеңілген жоқ әрі Мельбурн корттарында өзінің оныншы жартылай финалын өткізетін болды. Бұрынғы барлық тоғыз жарыста да Новак чемпион атанды. Былтыр ол ковид ережелеріне байланысты жасыл құрлықтан депортацияланды.


AusOpen-2023 жартылай финалында серб спортшының қарсыласы америкалық Томми Пол болады. Карен Хачанов (Ресей) және Стефанос Циципас (Грекия) финалға тағы бір жолдама үшін таласады. Жартылай финал 27 қаңтарда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: