Джокович Синнерді жеңіп, Уимблдонның финалына шықты
Сурет: wimbledon.com
Әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі екінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович Уимблдонның жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Уимблдонның жартылай финалында италиялық теннисші Янник Синнерді 6:3, 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.
Джокович 11 эйсті орындап, бірде-бір қос қателік жасамады және тоғыз брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Айта кетейік, Уимблдонды жеті рет ұтқан Джокович спорттық карьерасында тоғызыншы рет турнирдің финалына шығып отыр. Ол "Үлкен дулыға" санатындағы турнирлерді 23 рет жеңген. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жалпы бұл Джоковичтің "Үлкен дулыға" турниріндегі 35-финалы болмақ және ол өзінің рекордын жаңартты.
Финалда Джокович Даниил Медведев пен Карлос Алькарас арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript