Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Аязға байланысты еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды

Автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды

Сурет : dixinews.kz22 Қаңтар 2018, 09:22

Осы уақытта еліміздің 7 өңіріндегі автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

Астана

21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) дизельдік және қоғамдық көліктерге барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды. Ақмола облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысы

21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Семей-Павлодар облысының шекарасы» автожолының 577-733 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысы

21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Теміртау-Ақмола облысының шекарасы» автожолының 1353-1424 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қостанай облысы

21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Қостанай-Әулиекөл-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы» күре жолының 3-232 шақырым аралығы, «Қостанай - Сарыкөл - СҚО шекарасы» тасжолының 555-729 шақырым аралығы, «Қостанай-Ұзынкөл-СҚО шекарасы» автожолының 180-404 шақырым аралығы дизельдік және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Павлодар облысы

21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы

21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер