Еліміздің үш өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 24 қаңтарда сағат 18:00-де ауа температурасының төмендеуіне (-35 -40C) байланысты бірқатар өңірдегі республикалық маңызы бар тас жолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда:
Шығыс Қазақстан облысы:
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тас жолының 6-337 шақырым аралығы, Ушановское ауылынан Қатонқарағайға дейін;
- "Өскемен-Риддер" тас жолының 15-105 шақырым аралығы, Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін;
- "Өскемен-Семей" тас жолының 10-103 шақырым аралығы, Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін;
- "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 1013-1048 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы - Уланское ауылы, 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое ауылынан Шемонаихаға дейін), 1194-1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін);
- "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 1103-1256 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейін;
- "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" тас жолының 0-124 шақырым аралығы, Дайырово ауылынан Марқакөл ауылына дейін.
Абай облысы:
- "ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы" тас жолының 910-1103 шақырым аралығы, Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін;
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 615-1013 шақырым аралығы, Жетісу облысының шекарасынан ШҚО шекарасына дейін;
- "Өскемен-Семей" тас жолының 103 шақырымы, ШҚО шекарасы –Семей қаласы.
Жетісу облысы:
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін.
Жолды 2025 жылғы 25 қаңтарда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға қарай Скандинавиядан антициклон жылжып келе жатқанын ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript