Қазақстанның жеті өңірінде жолдар жабылды

Қазақстанның жеті өңірінде жолдар жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 09:08 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 9 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша жеті облыстағы сегіз республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-778-шақырым аралығы (Аягөз қ. – Жетісу облысының шекарасы);
  • "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы "Алматы – Өскемен" автожолынан – Үржар а.).

Атырау облысы:

  • "Атырау-Орал" автожолының 5-62-шақырым аралығы (Атырау қаласы - Махамбет ауылы).

Шығыс Қазақстан облысы: 

  • "Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" 1013-1048-шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы).

Жетісу облысы:

  • "Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 557-615-шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1854-шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін).

Қостанай облысы:

  • "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-340-шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Ұлытау облысы:

  • "Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252-шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: