Қазақстанның үш облысында еріген қар суының салдарынан жол жабылды

2025 жылғы 29 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы:
- "Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 110 арнайы техника мен 187 маман жұмылдырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript