Еріген қар суына байланысты еліміздің 3 облысында жолдар жабылды

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2025 09:26 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еріген қар суларының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылғы 23 наурызда "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәлімдеді. Атап айтқанда:

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
"Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: