Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Балқашта 50 көліктің дөңгелегін жарған бұзақылар ұсталды

Ұсталған екі жігіт мас болып, бұзақылық жасағандарын мойындады.

Сурет : focus.ua24 Қаңтар 2018, 16:09

Балқаш қаласының полицейлері 20 қаңтар күні түнде 50-ге жуық көліктің дөңгелегін қасақана жарған 23 және 24 жастағы жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ұсталған екі жігіт мас болып, бұзақылық жасағандарын мойындады. Сондай-ақ, олардың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер