"El Media" редакциясының кіре беріс есігінің әйнегін сындырғандар ұсталды

Ұсақ бұзақылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2022 22:58 Сурет: Zakon.kz
Ұсталған 18 жастағы екі азаматтың бірі - алматылық, тағы бірі тараздық болып шықты. Олар жасаған әрекеттерін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екеудің: Алматы қаласының тұрғыны З. есімді азамат және тараздық Г. есімді азамат ұсталғанын хабарлайды. Екеуі де 18 жаста.

Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.

Істің басқа да мән-жайлары анықталу үстінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: