Қарағандыда дүкен тонаған қос келіншек ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 20:56 polisia.kz
Олар 36 және 38 жастағы әйелдер болып шықты.

Қарағандыда ұрлық жасаған екі құрбы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 22 мамырда таңғы сағат 07:30-да Қарағанды қаласы ПБ Теміржол полициясы бөліміне белгісіз біреулер дүкендердің біріне кіріп, ұрлық жасағаны туралы хабарлама түсті.

Куәгерлердің айтуынша, ұрлықты 35-40 жастағы екі әйел жасаған. Олар кассадан 32 мың теңгені, сондай-ақ сабын, темекі ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 36 және 38 жастағы әйелдер болып шықты.

Қылмыскерлер кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: