Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда жалған екпе құжатын жасаған медқызметкерлер ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 18:21 zakon.kz
Елорда полициясының хабарлауынша, олар 38 және 40 жастағы екі медициналық қызметкер, сондай-ақ күдіктілердің бірінің 44 жастағы жұбайы болып шықты.

Нұр-Сұлтанда жасанды екпе төлқұжатын жасағаны үшін үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда полициясының хабарлауынша, олар 38 және 40 жастағы екі медициналық қызметкер, сондай-ақ күдіктілердің бірінің 44 жастағы жұбайы болып шықты.

Соңғы үш айда медицина қызметкерлері іс жүзінде екпе салмай ақ екпе төлқұжаттарын дайындап, ол үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Медицина қызметкерлері "Иықтан қиыс кетсін" дейтіндердің ішінде тек таныстарының ұсынысымен келіп, алдын ала сыйақысы түсірген жандарды ғана қабылдаған.

Айыпталушы жұбайының жұмысы клиенттерді табу, кеңес беру және қызметтер үшін ақы алу болған. Емдеу мекемесіне хабарласқан кезде адамдар "жалған екпе төлқұжатын" алу үшін құпия сөзді айтса болғаны, - деп хабарлады полициядағылар.

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы. "Жалған құжаттарды жасау, өткізу немесе сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Тінту кезінде медициналық карталар мен ұялы телефондар тәркіленді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Медицина қызметкерлері өз кінәсын мойындады. Жалған екпе төлқұжаттарын алу үшін оларға жүгінгендердің саны анықталуда, дейді баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: