Нұр-Сұлтанда көпірдің астымен өтпек болған жүк көлігі мыжылып қалды
instagram.com
Елорда полициясының хабарлауынша, оқыс оқиға 28 сәуірде болған.
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі көпірдің астындағы туннельге кептеліп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Елорда полициясының хабарлауынша, оқыс оқиға 28 сәуірде болған.
22 жастағы ГАЗ-3302-288 жүргізушісі Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай кел жатып, жол белгісін елемей, көліктің көлемін ескерместен көпір астымен өтпек болып, туннель беткі қабырғасын сыпырып өткен. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті полициядағылар.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Материал бойынша процессуалдық шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарады, делінген полиция хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript