Нұр-Сұлтанда мектепте бала үстіне төбе сылағы құлады
видеодан алынды
Оқыс оқиға бірінші ауысым сабағы кезінде үшінші қабаттағы кабинетте болған.
Нұр-Сұлтандағы № 71 мектеп-лицейінде сабақ үстінде төбенің сылағы құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға бірінші ауысым сабағы кезінде үшінші қабаттағы кабинетте болған.
- Сылақпен бірге электр лампасы да құлады. Сылақ бөлігінің бірі оқушыға да тиген. Қыз бала бірден №2-ші қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оны қарап, артынан үйіне босатты. Басқа зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады елордалық білім бөлімі департаменттегілер.
Қазіргі уақытта білім бөлімінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп, кабинетті тексеріп, қарап жатыр. Оның қорытындысы кейін жарияланады. Сондай-ақ мектептің басқа кабинеттеріне де техникалық тексеру тағайындалған.
Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық басқа білім беру нысандарында да осы сипаттағы тексеру жүргізілетін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript