Нұр-Сұлтанда кран тұрғын үйдің үстіне құлады

кран, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 16:39 Сурет: Алматы әкімдігі
Нұр-Сұлтанда жүк көтергіш кран алтыншы қабаттағы пәтердің терезесіне қарай құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 сәуір күні сағат 14:26-да Нұр-Сұлтан қалалық жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері мен бір техникасы Сығанақ, 2А мекенжайына жөнелтілді.

Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйдің үстіне кран құлап, 6-қабаттағы пәтерлердің бірінің терезесін сындырды. Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, оқиға жанында бизнес орталығы салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған.

Алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен жүк көтергіш кран құлаған. Шақыру орнына Нұр-Сұлтан қаласы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментінің қызметкерлері жөнелтілді.Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: