Нұр-Сұлтанда биік кранның құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2022 17:05 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтанда биік кран құлап, жүргізушісі көз жұмды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 277-бабы, яғни "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеліп соғудағы қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 ақпанда сағат 17:07-де салынып жатқан нысанның аумағында биік кран құлап, машинист қайтыс болды. Алдын ала себеп – кран мұнарасы бөлігінің сынуы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: