Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада алаяқ әйел бөтен біреудің дәмханасын сатып жіберген

Ер адам әйелдің үстінен сотқа шағым түсірді.

Сурет : ҚазАқпарат31 Қаңтар 2018, 14:26

Астана тұрғыны жарнама арқылы ер адамға бөтен біреудің дәмханасын сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сотқа сілтеме жасап.

Сатып алушы сайттан дәмхананың сатылатыны туралы жарнаманы көріп, хабарласады. Кездесу кезінде ол сатушыға алдын ала төлем ретінде 1 млн 250 мың теңге береді.

«Кейін ол дәмхананың үшінші тұлғаға тиесілі екенін, әйелдің оны сатуға құқығы жоқ екенін біліп қалады да, дереу оған хабарласады. Бірақ әйел оған ақшаны қайтарудан бас тартады», - дейді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам әйелдің үстінен сотқа шағым түсірді. Алматы аудандық соты оның талабын қанағаттандырып, қаржыны қайтаруға шешім шығарды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер