Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны заңсыз салған ғимараттарын бұзғалы жатыр

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2018 16:06 elorda.info
Астана қаласы Әділет департаментінің мамандары Луй Пастер көшесіндегі заңсыз салынған құрылыс нысандарын күштеп бұзуға кірісті.

Астана қаласы Әділет департаментінің мамандары Луй Пастер көшесіндегі заңсыз салынған жеке құрылыс нысандарын күштеп бұзуға кірісті. Бұған дейін бірнеше мәрте жіберілген ескертуге және ғимаратты бұзу туралы шығарылған сот шешіміне қарамастан жер иесі өз еркімен бұзуға асықпаған. Құзырлы мекекме қызметкерлері келгенде тағы екі-үш күнге рұқсат беруін сұрады, деп хабарлайды Елорда инфо.

Астана қаласы Әділет департаментінің мамандары Луй Пастер көшесіндегі заңсыз салынған құрылыс нысандарын күштеп бұзуға кірісті. Бұған дейін бірнеше мәрте жіберілген ескертуге қарамастан жер иесі өз еркімен бұзуға асықпаған көрінеді. Құзырлы органдарының қызметкерлері келгенде олар тағы екі-үш күнге рұқсат беруін сұрады.

Белгілі болғандай, бұл мәселенің көтерілгеніне біраз уақыт болған. Астана қаласы Әділет департаментінің бөлім жетекшісі Ердәулет Болысбектің айтуынша, 2017 жылдың 25 мамыр күні Астана қаласы департаментіне соттың шешімі келіп түскен. Сол бойынша, Луй Пастер, 67 мекенжайда орналасқан кафе мен әкімшілік ғимаратты бұзу туралы қаулы қабылданған. Соттың шешіміне қарай сот орындаушылары заң аясында «Арнат» ЖШС иесіне бір емес бірнеше рет өз еркімен бұзу туралы хабарлама жіберген. Ал соттың шешіміне қарсы болған «Арнат» ЖШС басшысы апелляциялық шағым түсірген. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалған. Бұған дейін борышкер департамент тарапынан сот орындаушысының хабарламасын орындамауына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 607-баппен әкімшілік шараға тартылып, айыппұл төлеген.

«Айыппұл төленгеннен кейін жылдың соңына дейін сот шешімін орындауы тиіс еді. Соңғы рет «Арнат» ЖШС басшысы өзі түсініктеме жазып, желтоқсан айының соңына дейін құрылысты бұзатынын айтқан. Алайда өздеріңіз көріп тұрғандай, тағы 2-3 күн сұрап отыр. Сондықтан біз күштеп орындауға келдік» дейді Әділет департаментінің бөлім жетекшісі Ердәулет Болысбек.

Біз заңсыз құрылыс нысанын салған «Арнат» ЖШС иесі Әлия Ермекбаевамен де әңгімелескен едік. Айтуынша, ол аумағы 90 сотық болатын жерді осыдан 11 жыл бұрын 130 миллионға сатып алған екен. Жер өзінікі болған соң, шағын кафе мен спортзал тұрғызған. Құрылыстың 95 пайызы аяқталуға жақын қалған тұста, сот сүріп тастау туралы шешім қабылдаған.

«Шынымды айтсам, менің қателігім құрылыс басталар алдында Қала құрылысы басқармасынан рұқсат алмауымда болып отыр. Алайда жер өзімдікі болғаннан кейін құрылысты бастап кеттік. Құжаттарын кейін реттестіремін деп ойладым. Алғаш рет заңсыз салғаным үшін 1 млн 200 мың теңге айыппұл төлетті. Енді тура бір жыл өткеннен кейін сүру туралы сот шешімі шықты. Мен Жоғарғы сотқа дейін бардым. «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрадым. Депутаттардың да қабылдауында болдым. Өкінішке қарай, ешкімнен көмек болмады. Өзім жеті баланы тәрбиелеп отырмын. «Алтын алқа» иегерімін. Мемлекетке қол жаймай, бір тиын алмай, балаларымды өсіріп келемін. Жыл сайын мемлекетке салығымды төлеп, жұртқа жұмыс тауып беріп отырмын. Енді келіп, маңдай термен соққан қос нысанды бұзуға тура келіп отыр. Үш балам спортпен айналысады. Қызым – самбодан әлем чемпионы. Өздеріңіз білесіздер, Астанада спорт залдары тапшы. Мен пайда табу үшін ресторан, сауна немесе жалға беретін офис салмадым. Балаларымның болашағы үшін спорт залын соқтым. Құрылысы әні-міне бітеді дегенде, бір күнде бәрін жоқ қылу, әрине, маған да оңай емес» дейді Әлия Ермекбаева.

Дегенмен, заң баршаға ортақ. Осылайша, Әлия Ермекбаева жылдап тұрғызған құрылыс нысанын өз қолымен қайта бұзуға кірісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: