Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

тұрғын үй кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 09:48 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: