Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында обыр дертіне шалдыққан адамдар саны көбейіп барады

Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2018 23:08 Аktobenews.kz
Ақтөбеде ғана емес, дүниежүзінде обыр дертіне шалдыққан адамдар саны артып келеді.

Ақтөбеде обыр дерті ушығып барады. Мамандар бұл скринингтен кейінгі жағдай деп түсіндірді. Өңірде өкпе, сүт безі, асқазан ауруы жиі тіркелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде ғана емес, дүниежүзінде обыр дертіне шалдыққан адамдар саны артып келеді. М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің онкология кафедрасының меңгерушісі Әріп Қойшыбаевтың айтуынша, 2030 жылға қарай әлем бойынша 20 миллионға жуық адам осы дертке шалдығады деген болжам бар. Аурудың нақты себебі жоқ. Оған адамның тамақтануы, салауатты өмірді сақтауы, экология да әсер етеді. Атадан балаға тарау дерегі де бар.

«Қатерлі ісіктің пайда болуына, дамуына науқастың өмір сүру дағдысы әсер етеді. Нақтыласақ, өкпе обыры анықталған адамдардың 90-95 пайызы шылым шегеді. Әйел адамдар арасында да өкпе обыры кездеседі. Асқазан, ішек, өңеш обыры туралы айтар болсақ, бұл тамақтануға байланысты болады. Ащы тамақты көп пайдалану, тістің жоқтығы да әсер етеді. Инфекцияның да кері әсері бар. Өткен жылы өңірде 1600-ден астам адамнан қатерлі ісік анықталды. Бұл 2016 жылмен сатыстырғанда 150 адамға көп», — деді М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің онкология кафедрасының меңгерушісі Әріп Қойшыбаев.

Өңірде қатерлі ісікті ерте анықтау үшін аудан, ауылдың дәрігерлері оқытылып жатыр. Олар арнайы білімін жетілдіреді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманованың айтуынша, биыл қатерлі ісік анықталған адам бір жерден диагностикадан өтіп, емді дереу жүргізеді. Бұрын бірнеше емханаға жүгіріп, уақыт өткізетін науқастар үшін бұл оңтайлы шешім болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: