Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда жасырын ойынхана анықталды

Ойынханадан әртүрлі валютадағы қомақты қаржы табылды.

Сурет : Хабар 247 Ақпан 2018, 10:53

Облыс орталығы Атырауда орналасқан ғимаратта заңсыз қызметті жүзеге асырған жасырын казино бары анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ойынханадан әртүрлі валютадағы қомақты қаржы, «ЗУМ» маркалы покер үстелдері, «Бинго-37» электронды рулеткалары мен ойын фишкалары табылды.

- Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлімі 3-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл әрекетті жасаған РФ азаматы екені анықталып, аталған тұлғадан 17 млн 297 мың 70 теңге, немесе 360 мың Ресей рублі, 68 мың 210 АҚШ доллары және заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыруға пайдаланған заттай дәлелдер мемлекет пайдасына өткізілді, - дейді Атырау облыстық кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бөлім басшысы Бекболат Әнесов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер